jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Мароккодағы алапат жер сілкінісінен көз жұмғандардың саны екі мыңнан асты

Марракештегі қираған мешіт
Марракештегі қираған мешіт. Фото: Carl Court/Getty Images

Мароккодағы алапат жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны екі мыңнан асты, сондай-ақ тағы екі мыңнан астам адам зардап шеккен. Бұл туралы РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

"Жер сілкінісінен 2012 адам қаза тауып, 2059 адам зардап шеккен, оның ішінде 1404-і ауыр жарақат алған", – делінген Hespress газетіне сілтеме жасаған агенттік хабарламасында.

Агенттіктің жазуынша, Марокко королі VI Мұхаммед жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін елде үш күндік аза тұту күнін жариялап, Корольдіктің мемлекеттік туларын жартылай түсіріп қоюды бұйырды.

"Үш күндік аза тұту күнін жариялау және барлық мемлекеттік ғимараттағы мемлекеттік туларды түсіру туралы шешім қабылданды", – деп жазылған материалда.

Сондай-ақ агенттік мәліметінше, Марокко королі баспанасыз қалғандардың барлығына көмек көрсетуді, жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы қираған үйлерді қалпына келтіру бағдарламасын әзірлейтін ведомствоаралық комиссияны жедел құруды тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 9 қыркүйекке қараған түні Мароккода 6,9 балдық жер сілкінісі болғаны туралы жазған едік. Апат ошағы Марракештен 77 шақырымда болған.

Мароккодағы алапат жер сілкінісінен көз жұмғандардың саны екі мыңнан асты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.