Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде жолаушылар ұшағы шұғыл қонды: бортында қазақстандықтар болуы мүмкін (видео)

Опубликовано:

Ұшақ далаға қонды
Ұшақ далаға қонды.ТЖ орнынан фото: t.me/bazabazon

Сочи-Омбы бағытында ұшқан жолаушылар ұшағы Новосібір облысында шұғыл қонды. Ұшақ бортында 170 адам болған, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтағы өкіліне сілтеме жасап жазуынша, ұшақ бортында 159 жолаушы, оның ішінде 23 бала мен экипаж мүшелері болған. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Олардың барлығы эвакуацияланды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жердегі ұшақтар, ғимараттар немесе құрылыстар қираған жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.

РБК басылымы А320 ұшағы "Уральские авиалинии" әуе компаниясына тиесілі екенін хабарлады.

Әуе көлігі федералдық агенттігінің хабарлауынша, қону Новосібірден шамамен 180 шақырым жерде орналасқан Каменка ауылы маңындағы әуеден таңдалған учаскеде жүзеге асырылған.

Ведомство жоспардан тыс қонудың себептерін жариялаған жоқ.

Әуе көлігі федералды агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсы медициналық көмекке жүгінген жоқ. Ұшақ жолаушылары жақын маңдағы ауылға орналастырылды. Новосібірге адамдарды тасымалдау үшін Каменкаға автобустар жіберілді, делінген хабарламада.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, прокуратура ұшақтың апатты жағдайда қонуына қатысты тергеудіс бастап қойған.

Сонымен қатар Baza Telegram-арнасы ұшақ бортында Қазақстанның төрт азаматы болғанын жазады. Ал еліміздің Сыртқы істер министрлігінде бұл ақпаратты NUR.KZ тілшісіне растамады - ведомствода мұндай мәліметтер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2036248-reseide-zolausylar-usagy-sugyl-qondy-bortynda-qazaqstandyqtar-boluy-mumkin-video/

pixel