Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилияда ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты

Опубликовано:

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: piqsels.com

Бразилияда ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты. Әуе кемесі сенбі күні күндіз апатқа ұшыраған. Қайғылы жағдайға толассыз жауған жаңбыр себеп болған, деп хабарлайды CNN Brasil.

Бортында 12 жолаушысы мен екі ұшқышы бар ұшақ Бразилияның Амазонас штатында қонуға әрекет жасаған кезде апатқа ұшыраған. Әуе апаты сенбі күні жергілікті уақытпен сағат 15:00-де болған.

Борттағы адамдардың ешбірі тірі қалмаған. Ұшақтың апатқа ұшырауына қолаусыз ауа райы - нөсер жауын себеп болғаны хабарланды.

Бизнесмен жалдап алған ұшақтың жолаушылары балық аулауға бара жатқан. Басылымның мәліметінше, қаза тапқандар бір-бірімен дос болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2036923-braziliyada-usaq-apatynan-14-adam-qaza-tapty/

pixel