Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім қарап жүрмін": Илон Маск Ердоғанмен кездесуге баласымен бірге келді

Опубликовано:

Ердоғанмен кездесуде ұлымен отырған Илон Маск
Ердоғанмен кездесуде ұлымен отырған Илон Маск. Видеодан кадр: twitter.com/hakislamdavam

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесуге ұлы Лил Икспен бірге келген.

РБК басылымының жазуынша, әйгілі кәсіпкер мен түрік президентінің арасындағы кездесу Нью-Йоркте өткен. Кездесу барысында Илон Маск ұлын қолында ұстап отырған.

Өз кезегінде Ердоған кәсіпкерден әйелінің қазір қайда екенін сұраған.

"Ол қазір Сан-Францискода. Біз айырылысып кеттік. Сондықтан ұлымды өзім қарап жүрмін", – дейді Илон Маск.

Басылым мәліметінше, Лил Икс – Илон Масктың ұлына қойған лақап аты, оның шын есімі X Æ A-XII. Лил үш жаста. Оның анасы америкалық әнші Граймс, бірақ кәсіпкер онымен ресми түрде некеге тұрмаған. Олар 2018-2021 жылдар аралығында қарым-қатынаста болған.

РИА Новостидің мәліметінше, кездесу кезінде Ердоған Илон Маскты Түркияда зауыт ашуға шақырған.

"Президент Тайип Ердоған Нью-Йоркте Tesla және SpaceX (...) негізін қалаушы Илон Маскты қабылдады (...) Tesla өнімдерінің түрік нарығына шығуына (...) байланысты Ердоған компанияны жетінші зауытын Түркияда ашуға шақырды", – деп келтірді агенттік Түркия президенті әкімшілігінің байланыс басқармасының хабарламасын.

Сондай-ақ Ердоған Маскты Измирде өтетін Teknofest технология фестиваліне шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2037090-ozim-qarap-zurmin-ilon-mask-erdoganmen-kezdesuge-balasymen-birge-keldi-video/

pixel