jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Ердоған Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Режеп Тайип Ердоған
Режеп Тайип Ердоған. Фото: Spencer Platt/Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Таулы Қарабақ Әзірбайжанның территориясы екенін айтып, жанжалдың бейбіт жолмен шешілетініне үміт артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған БҰҰ-да сөйлеген сөзінде Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстың тез арада бейбіт жолмен шешілуіне үміттенетінін айтты.

Ол Таулы Қарабақ Әзірбайжан территориясы екенін еске салды. Сондай-ақ Ердоған Қарабақтың болашағына қатысты пікір білдіріп, аймақтың барлық тұрғыны, оның ішінде этникалық армяндар бірге өмір сүре алатынын атап өтті.

"Қарабах – Әзірбайжанның жері. Оған басқа мәртебе беру әрекеті ешқашан оң нәтиже бермейді", – деді Түркия президенті.

Сондай-ақ ол екі ел арасындағы келіссөздер үдерісін үнемі қолдайтынын атап өтті.

"Өкінішке қарай, Армения бұл тарихи мүмкіндікті пайдалануға асықпайды", – деді Түркия басшысы.

Ердоған Таулы Қарабақтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram