jitsu gif

Арменияда наразылықтар үшінші күн қатарынан жалғасуда: қазір ел астанасында не болып жатыр (видео)

Армениядағы ереуіл
Видеодан кадр: t.me/SputnikARM

Ереванда адамдар осымен үшінші күн қатарынан наразылыққа шығып жатыр. Олар қазіргі премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етуде. Әзербайжан Таулы Қарабақта антитеррористік операция жариялағаннан кейін Армениядағы ахуал ушыға түскен.

РИА Новости басылымының Telegram арнасында хабарлауынша, Армения астанасы - Ереванда наразылыққа шыққан адамдар қаладағы орталық көшелер мен даңғылдарды жүріп өткен.

Салдарынан қалада көлік қозғалысы қиындаған. Одан бөлек, жолдарға қоқыс бактары мен басқа да заттар шығарылған.

ТАСС басылымының Telegram арнасында хабарлауынша, көшеде полиция мен азаматтар қақтығысып қалып жатыр.

РБК сәл кейінірек жариялаған кадрларға қарағанда, шеру белсендірек кезеңге көшті: бейнежазбада баннерлер ұстаған жүздеген адамды көруге болады.

Осыған ұқсас кадрларды Sputnik Армения басылымы да жариялады. Бейнежазбаларға қарағанда ел астанасына Арменияның ішкі әскері кірген.

Басылымның хабарлауынша, шеруге шыққандар Таулы Қарабақта болып жатқан жағдайлар аясында Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде.

Қаладағы жағдайға қатысты премьер-министрдің өзі пікір білдірді. Оның сөзінше, қазір "1997-1998 жылдардағы жағдай қайталанып жатыр: Қарабақ мәселесі ішкі мәселелер үшін пайдаланылуда".

Пашинянның пікірінше, астанада өтіп жатқан митингілерде "кейбіреулердің күш қолдануының" мақсаты "қан төгу" және қауіпсіздік күштерін күш қолдануға арандату. Сондай-ақ ол барлық кінәлі адам ұсталып, қамауға алынатынын ескертті.

Арменияда наразылықтар үшінші күн қатарынан жалғасуда: қазір ел астанасында не болып жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.