Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Йод препаратынан уланған болуы мүмкін": Өзбекстанда балалар жаппай ауруханаға түсті

Опубликовано:

Балалар
Балалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанның Наманған облысында 9 балабақша мен 2 мектептің тәрбиеленушілері белгісіз заттан уланып, ауруханаға түскен. Балалар йод препараттарынан уланған деген болжам бар, деп хабарлайды Gazeta.uz.

Басылымның мәліметінше, ауруханаларға барлығы 71 бала түскен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 21 қыркүйек күні сағат 16.00-ден бастап емдеу мекемелеріне балаларды қабылдау басталғанын хабарлады. Барлығы бірдей белгілерді сезінеді: дене қызуының жоғарлауы, ал кейбіреулерінде іштің ауыруы, диарея және құсу.

Денсаулық сақтау басқармасы жұмыс тобын құрып, тексеру жұмыстарын бастап кетті. Кеше жағдайы қанағаттанарлық деп танылған тоғыз бала үйіне жіберілді. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында.

Аурудың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Алайда ата-аналар әлеуметтік желіде балалар мен жасөспірімдер йод препараттарынан уланған болуы мүмкін деп жазып жатыр.

Басылымның хабарлауынша, 20 қыркүйекте елде йодтандыру бағдарламасының "Ёркин миллат" бағдарламасы жұмыс істей бастаған - 3 жастан 15 жасқа дейінгі барлық балалар Денсаулық сақтау министрлігі мен Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігі арқылы йод препараттарымен тегін қамтамасыз етіледі.

Сәрсенбі күндері барлық мектеп мен балабақшада профилактикалық дозадағы йод таблеткалары тегін таратылады.

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі Балалардың уланғанын растаған. Бірақ улану себептері мен зардап шеккендердің санын нақтыламаған.

"Барлық бала белгіленген стандарттарға сәйкес емдеу процедураларын алады, түпкілікті диагноз қою үшін сараптама жүргізіледі, жағдайды Денсаулық сақтау министрі жеке бақылауға алды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар елдің Бас прокуратурасы тергеуге дейінгі тексерісті бастады.

"Балалардың неден уланғаны белгісіз болғандықтан, қате және әртүрлі болжамдарға негізделген ақпаратты таратпауды сұраймыз", - делінген мәлімдемеде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2037676-iod-preparatynan-ulangan-boluy-mumkin-ozbekstanda-birnese-bala-belgisiz-zattan-ulanyp-qaldy/

pixel