Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таулы Қарабақтағы жағдай: Арменияға 85 мыңға жуық босқын барған

Опубликовано:

Таулы Қарабақ
Таулы Қарабақтан келген босқындар. Фото: Siranush Adamyan/AFP/Getty Images

29 қыркүйек күні таңертең Арменияға Таулы Қарабақтан 84 770 босқын келген. Оларға мемлекеттік қолдау көрсету жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Армения.

"29 қыркүйек күні сағат 06:00-дегі жағдай бойынша Армения Республикасына Таулы Қарабақтан 84 770 адам келді", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, Таулы Қарабақтан Арменияға бейбіт тұрғындардың кетуі ресейлік бітімгершілік контингентімен келісім бойынша жүзеге асырылады.

Сондай-ақ бұған дейін елдің премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Таулы Қарабақтан 40 мыңға жуық отбасын қабылдауға дайын екенін айтқаны хабарланды.

"Арменияның Еңбек және әлеуметтік мәселелер министрлігі Таулы Қарабақтан келетін отандастарға шұғыл мемлекеттік қолдау көрсетуді үйлестіру үшін платформа ашты", - деп хабарлады басылым.

Ресми мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы Ұлттық жиналысының сайтында 2015 жылдың қорытындысы бойынша аймақта 150 мың 936 адам тұратыны хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ресми мойындалмаған Таулы Қарабақ басшысы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзім ішінде республиканың қызметін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2038756-tauly-qarabaqtagy-zagdai-armeniyaga-85-mynga-zuyq-bosqyn-bargan/

pixel