Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израиль мен Газадағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасамады

Жарияланған күні:

БҰҰ туы
БҰҰ туы. Көрнекі фото: pixabay.com

Палестина мен Израиль арасындағы ахуалға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық жиналысы өтті. Алайда Қауіпсіздік кеңес мүшелері ешқандай мәлімдеме қабылдай алмаған.

БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Израиль мен Газадағы жағдайға қатысты қандай да бір мәлімдеме жасау туралы журналистердің сұрағына теріс жауап берді, деп жазады РИА Новости.

Мальтаның тқрақты өкілі Ванесса Фрейзердің сөзінше, ешбір ел аталған мәселе бойынша мәлімдеме жобасын ұсынмаған. Дегенмен ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшесі ХАМАС-тың Израильге шабуылын айыптағанын атап өтті.

БАӘ тұрақты өкілі Лана Заки Нусейба БҰҰ-ның әлеуметтік үйлестірушісі Тор Веннесланд қақтығыс аймағындағы жағдай туралы баяндама жасағанын айтты.

ТАСС агенттігінің ақпаратынша, АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Роберт Вуд Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің шабуылдар болмауы керек деп келіскенін атап өтті. Америка өкілі жағдай ушықпайды деп үміттенетінін жеткізген.

Израильдегі жағдай

7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымыран атқылаған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды. Олардың әскери қолбасшысы Мұхаммед әл-Дейф "Буря Аль-Аксы" операциясының басталғанын мәлім еткен видео үндеу жариялады. Ол қарсыластарына 5 мың зымырандық соққы жасағанын мәлімдеді.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жағдайға байланысты алғашқы мәлімдеме жасап, ел қазір соғыс жағдайында екенін айтты.

Сондай-ақ Израиль аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

Ал кеше, 8 қазан күні Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастаған болатын. Салдарынан жүздеген тұрғын қаза тауып, тағы мыңдаған адам жарақат алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2040112-buu-qauipsizdik-kenesi-izrail-men-gazadagy-axualga-qatysty-malimdeme-qabyldai-almagan/