Тель-Авивтен ұшып кетпек болған Германия канцлері мен оның командасы ұшақтан қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомТель-Авивтен ұшып кетпек болған Германия канцлері Олаф Шольц пен оның командасы әуе дабылына байланысты ұшақтан қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болды.
Politico басылымының хабарлауынша, канцлер ынтымақтас екенін білдіру үшін, сондай-ақ Газа секторындағы Палестинаның бейбіт тұрғындарына көрсетілетін гуманитарлық көмекті арттыру үшін сейсенбі күні Израильге барған.
Әуе дабылы қағылған уақытта Шольц Бен-Гурион әуежайында болған. Ол ұшуға дайындалып жатқан.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Шольц пен оның командасының шұғыл түрде ұшақтан шығып, ұшу-қону жолағы маңында жерге жата кеткенін көруге болады.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, Шольц паналайтын арнайы жерге эвакуацияланған.
Welt неміс басылымының бас редакторының орынбасары Робин Александр X желісіндегі микроблогында бұл жайт туралы жазып, фото жариялаған.
Сондай-ақ Spigel журналисі Сара Сиверт де X желісіндегі блогында дабыл қағылған кезде Шольц делегациясының ұшақтан шығып жатқан сәтінен видео жариялаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2041497-tel-avivten-usyp-ketpek-bolgan-germaniya-kancleri-men-onyn-komandasy-usaqtan-qauipsiz-zerge-syguga-mazbur-boldy-foto-video/