Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әуежайда қоймалар қиратылып, дүкендер тоналған": Дағыстан астанасында не болды

Жарияланған күні:

Дағыстан әуежайындағы жағдай
Дағыстан әуежайындағы жағдай. Видеодан кадр: t.me/breakingmash

РФ құрамына кіретін Дағыстанның Махачкала қаласы әуежайында жаппай тәртіпсіздік болып, әуежай уақытша жабылды. KAZ.NUR.KZ тілшісі оқиғаға шолу жасады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Байден Гаага сотының Израиль премьерін тұтқындау туралы шешімін айыптады

Не болды?

30 қазанға қараған түні Махачкаладағы әуежай жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты жабылды. Жергілікті тұрғындар Тель-Авив – Махачкала рейсімен ұшып келген израильдіктерді табуға тырысып, ұшу-қону жолағына шығып алған. Олар Израильді Палестина халқына зұлымдық жасады деп айыптап, бұл елдің азаматтары елге кіруіне тыйым салынсын деген талап айтқан.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ұшақ жолаушыларының ішінде Израиль азаматтары болған. Алайда бұл мәлімет соңына дейін расталмады. Жергілікті билік жиналған жұртты басуға тырысып, әуежай аумағынан кетуге үндеген.

Көп өтпей, әуежай аумағында арнайы қызмет өкілдері мен тәртіпсіздікке қатысқандар арасында жанжал туғаны, жұрт полиция көлігін аударып тастамақ болғаны және жолаушылардың бірін бір топ адам ұстап тұрғаны түсірілген видеолар жарияланды.

Ресей күш құрылымдарының әрекеті қандай болды?

Артынша Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған. Іс Ресейдің Қылмыстық кодексінің 212-бабы бойынша жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру дерегімен тіркелген (зорлық-зомбылық, погромдар, өртеу, мүлікті жою, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш заттарды қолдану, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қарсылық көрсету).

Елдің Ішкі істер министрлігі тәртіпсіздікке қатысқан барлық адам ұсталып, Ресей Федерациясының ӘҚБтК-нің 20.2-бабында көзделген жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ тәртіпсіздіктер мен ұлтаралық алауыздықты қоздыратын адамдар Ресей федерациясының Қылмыстық кодексінің 282-бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны да ескертілді.

Құқық қорғау органдары Махачкаланың Уйташ әуежайына келтірілген залалды бағалауға кіріскені хабарланды. Mash телеграм-арнасының хабарына қарағанда, наразылық білдірушілер тарай бастаған. Әуежайға қатты зақым келгені де айтылады. Әуежайда қоймалар қиратылып, дүкендер тоналған.

Бүлік салдарынан барлығы 20 адам зардап шеккен, олардың 10-ы ауруханада. Екеуі өте ауыр жағдайда екені айтылады.

28 қазанда рұқсат етілмеген акцияға қатысқаны үшін Карачаево-Черкесиядағы (Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ федералды округі) полиция бөліміне 34 адам жеткізілді, деп хабарлайды республика бойынша ІІМ баспасөз қызметі.

Дағыстан басшысы қандай мәлімдеме жасады?

Сергей Меликов "Бүгін Махачкала әуежайында жиналғандардың әрекеті – заңның өрескел бұзылуы", - деп мәлімдеді. Ол "бүгінгі бейберекеттіктің" барлық қатысушысы өз әрекеттерімен "1999 жылы өмірін қиғандардың арқасына пышақ ұрғандай" деп сипаттады.

Әлем елдерінің реакциясы қандай болды?

Украина президенті Владимир Зеленский Махачкаладағы оқиғаларға ағылшын тілінде Twitter-де пікір білдірді. Ол Ресейдің Махачкала қаласынан келген қорқынышты видеоларды көргенін айтты.

"Бұл Махачкаладағы жекелеген оқиға емес, керісінше Ресейде басқа халықтарға деген жеккөрушілік мәдениетінің бір бөлігі, оны мемлекеттік телевизия, сарапшылар мен билік насихаттайды. Былтыр Ресейдің Сыртқы істер министрі бірқатар антисемиттік мәлімдеме жасады. Ресей президенті антисемиттік қорлауды да қолданды. Ресми телеарналарда ресейлік танымал пропагандистердің сөзінде жеккөрушілік риторикасы жиі кездеседі. Таяу Шығыстағы кейінгі шиеленіс те ресейлік идеологтардың антисемиттік мәлімдемелерін туғызды", - деп жазды Зеленский.

Сонымен қатар Израиль СІМ мен елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху кеңсесінің бірлескен мәлімдемесі жарияланды.

Израиль билігі Махачкала әуежайында наразылық акциясы өткен Дағыстандағы оқиғалардың қалай жалғасатынын бақылайтыны және Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары израильдіктер мен еврейлерді қорғауды қамтамасыз етеді деп сенетіні айтылған.

Ал Ресей Федерациясының Мұсылмандар діни басқармасының президиумы мұсылмандарды ұлттық және діни принцип бойынша адамдарды қудалауға бағытталған үндеулер мен әрекеттерге берілмеуге шақырды, делінген ДБП сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Махачкала әуежайы жағдайдың тұрақтануына байланысты 31 қазанда жұмысын қайта бастайды, деп хабарлады Росавиация телеграм-арнасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2043109-auezaida-qoimalar-qiratylyp-dukender-tonalgan-dagystan-astanasynda-ne-boldy/