Әлем назарында: Израиль ХАМАС ұрлаған 23 жастағы қыз қайтыс болғанын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Израильде ХАМАС қозғалысының радикалдары ұрлап кеткен студент Шани Луктың анасы қызы қайтыс болғанын мәлімдеді. Ақпаратты Израиль билігі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
23 жастағы Шани Луктың қос азаматтығы болыпты: ол - Германия және Израиль азаматы.
"Өкініштісі, кеше біз қызымның тірі емес екені туралы хабар алдық", - деді Рикарда Лук сұхбатында.
Оның пикап кузовында қол-аяғы сынған күйде жатқан суреті әлемге тарап, жағдайды көпшілік бақылаған еді.
Кейінірек, Израиль СІМ өкілдері Шани Лук қайтыс болғанын ресми түрде растады. Бұл туралы сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде айтылған.
"Германия мен Израиль азаматтығы бар 23 жастағы Шани Луктың мәйіті табылып, анықталғанын өкінішпен хабарлаймыз. Шани музыкалық фестивальден ұрлап әкетіліп, азапталған және адам нанғысыз сұмдықтарды басынан өткерген", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 қазанда ХАМАС қозғалысының мүшелері Израильге шабуыл жасаған. Бұл уақытта шекарадан 30 шақырым жерде SUPERNOVA Sukkot Gathering электронды музыка фестивалі өтіп жатқан. Шабуылдан 260 адам қаза болғаны белгілі. Фестивальге 30 елдің азаматтары көрермен болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2043209-alem-nazarynda-izrail-xamas-urlagan-23-zastagy-qyz-qaitys-bolganyn-malimdedi/