Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Apple жаңа MacBook Pro мен iMac компьютерлерін таныстырды

Опубликовано:

Apple таныстырылымынан иллюстрация
Apple таныстырылымынан иллюстрация. Фото: apple.com

Бұл жолғы таныстырылым әдеттегіден ерекше болды. KAZ.NUR.KZ Apple-дің күздегі екінші таныстырылымында қандай жаңа өнім көрсетілгеніне шолу жасады.

Әдеттегідей бәрі кіріспе роликті көрсетуден басталды, ал содан кейін корпорациядағылар таныстырылымды Хеллоуин стилінде бастады. Басты түстер, безендіру және дыбыстық қолдау да осы тематикада болды. Таныстырылымды толықтай мына жерден тамашалауға болады.

Негізгі өзгерістер процессорларда – M1 мен M2 орнына қуатты, өндіру қуаты мен қуат тиімділігі жоғары М3, M3 Pro және M3 Max келді.

Apple ұсынған процессорлардың жаңа буындары
Apple ұсынған процессорлардың жаңа буындары. Фото: apple.com

Мәселен, жаңа процессоры бар MacBook Pro өнімділігі M2-мен салыстырғанда 40%-ға және M1-мен салыстырғанда 60%-ға жоғары болады, ол бір қуаттағаннан кейін 22 сағат жұмыс істей алады.

Процессорлардан кейін кәсіби ноутбуктердің жаңартылған топтамасы көрсетілді.

Apple ұсынған ноутбуктердің жаңа буыны
Apple ұсынған ноутбуктердің жаңа буыны. Фото: apple.com

Жедел жадтың максималды көлемі 128 ГБ дейін ұлғайтылып отыр. Жаңа MacBook Pro дисплейінің максималды жарықтығы артқан. Енді қалыпты режимдегі жарықтық көрсеткіші 600 нит. Топтамаға жаңа түс қосылды - Space Black.

Диагоналі 14 дюйм MacBook Pro келесі аптада сатылымға шығады және 1599 доллардан (752 622,12 теңге) жоғары тұрады, ал 16 дюймдік нұсқасы 2499 доллардан (1 176 236,82) басталады.

Жаңартылған iMac модельдері
Жаңартылған iMac модельдері. Фото: apple.com

Келесі жаңа өнім - жаңартылған iMac модельдері.

2021 жылдан бастап алғаш рет компания стационарлық iMac-тарды жаңартып отыр – АҚШ-та олардың бағасы 1299 доллардан (611 417,22) басталады.

Таныстырылым осылайша 30 минут ішінде аяқталды. Бұл Apple-дің кейінгі жылдардағы ең қысқа презентациясы. Тим Кук ақтық таныстырылымда презентация видеосы iPhone 15 Pro Max-пен түсірілгенін мақтанышпен мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2043288-apple-zana-macbook-pro-men-imac-kompyuterlerin-tanystyrdy/

pixel