Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Америкадағы елдердің бірі Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Газадағы қираған ғимарат
Газадағы қираған ғимарат. Фото: Stringer/Anadolu via Getty Images

Боливия Израильдің Газа секторындағы әскери іс-қимылдарына байланысты онымен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Бұл туралы Боливия Сыртқы істер министрінің орынбасары Фредди Мамани мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Мамани Боливия Израильдің әрекетін қатаң сынға алатынын және оның әрекеті халықаралық деңгейде бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретінін айтты.

"Боливия мыңдаған адамның өліміне әкеп соққан Газа секторына жасалып жатқан шабуылдарды тоқтатуды талап етеді", - деді Мамани.

Сондай-ақ ол аймаққа гуманитарлық көмекті жіберу керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Боливия президенті әкімшілігінің басшысы Мария Нела Праданың хабарлауынша, ел президенті Луис Арсе Палестина елшісімен кездесіп, оған қолдау білдіріп, сондай-ақ Палестина ұлттық әкімшілігінің өз территориясына, тәуелсіздігіне және өзін-өзі басқару құқығына қатысты ойын айтқан.

"Біз әрбір адамның өмірін құрметтеуге және өзара бейбітшілік туралы ымыраға келуге шақырамыз", — дейді Мария Нела Прада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2043482-ontustik-amerikadagy-elderdin-biri-izrailmen-diplomatiyalyq-qarym-qatynasyn-uzdi/