jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Марк Цукерберг ауруханаға түсіп қалды

Марк Цукерберг
Марк Цукерберг. Фото: facebook.com/zuck

Әйгілі бизнесмен Марк Цукербергке ота жасалды. Миллиардер аралас жекпе-жекке дайындық кезінде ауыр жарақат алып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Цукерберг Facebook-тегі парақшасында ауруханада жатқан фотосын жариялап, аяғына ота жасалғанын айтты.

"Спарринг кезінде жарақат алып қалып, ота жасаттым. Маған күтім жасап жатқан дәрігерлер мен командаға алғысым шексіз. Келесі жылдың басында өтетін аралас жекпе-жекке (ММА) дайындалып жатқан едім, енді жекпе-жек кейінге қалатын болды", - деп жазды бизнесмен желіде.

Сондай-ақ Цукерберг денсаулығы жақсарған соң жекпе-жек өткізуге ниетті екенін айтты.

Fаcebook қолданушылары миллиардерге тезірек сауығып кетуін тіледі.

Марк Цукерберг ауруханаға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.