БАҚ: Израиль мен ХАМАС тұтқындағы әйелдер мен балаларды айырбастауға келісті
Жарияланған күні:
Читать на русскомАрабтілді БАҚ Израиль мен палестиналық ХАМАС тұтқындағы әйелдер мен балаларды айырбастау туралы келісімге келгенін жазуда деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Бастапқыда Сауд Арабиясының Al Hadath телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Израиль мен ХАМАС тұтқындарды алмасу туралы келісімге келгенін хабарлады, деп жазады басылым.
Бұл ақпаратты Al Arabiya басылымы да растады.
Ақпаратқа сүйенсек, Израиль билігі келісімнің жүзеге асуы үшін тұтқындар саны көп болуын талап еткен.
Израиль билігі мен ЦАХАЛ келісімге қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Израиль билігінің соңғы мәліметтері бойынша, Газа секторында 240-тан астам адам тұтқында отыр. Оның ішінде 180-ге жуық адамды ХАМАС, 40 азаматты "Палестина исламдық жиһады" (террорлық деп танылған және тыйым салынған ұйым) және тағы 20 адамды осы ұйымдармен байланысы жоқ содырлардан тұтқынға алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2045223-baq-izrail-men-xamas-tutqyndagy-aielder-men-balalardy-aiyrbastauga-kelisti/