jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Израиль мен ХАМАС тұтқындағы әйелдер мен балаларды айырбастауға келісті

Израиль армиясының M109 гаубицасы
Израиль армиясының M109 гаубицасы. Фото: Photo by JACK GUEZ/AFP via Getty Images

Арабтілді БАҚ Израиль мен палестиналық ХАМАС тұтқындағы әйелдер мен балаларды айырбастау туралы келісімге келгенін жазуда деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бастапқыда Сауд Арабиясының Al Hadath телеарнасы өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Израиль мен ХАМАС тұтқындарды алмасу туралы келісімге келгенін хабарлады, деп жазады басылым.

Бұл ақпаратты Al Arabiya басылымы да растады.

Ақпаратқа сүйенсек, Израиль билігі келісімнің жүзеге асуы үшін тұтқындар саны көп болуын талап еткен.

Израиль билігі мен ЦАХАЛ келісімге қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Израиль билігінің соңғы мәліметтері бойынша, Газа секторында 240-тан астам адам тұтқында отыр. Оның ішінде 180-ге жуық адамды ХАМАС, 40 азаматты "Палестина исламдық жиһады" (террорлық деп танылған және тыйым салынған ұйым) және тағы 20 адамды осы ұйымдармен байланысы жоқ содырлардан тұтқынға алған.

БАҚ: Израиль мен ХАМАС тұтқындағы әйелдер мен балаларды айырбастауға келісті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.