БАҚ: Израиль армиясы Газа парламентін басып алды
Опубликовано:
Читать на русском
Израильдік БАҚ Израиль армиясының Газадағы парламентті басып алғанын және оның мінберінде әскерилердің ел туымен бірге суретке түскенін жазды.
The Times of Israel басылымы мәліметінше, суретте жердегі операция аясында анклавта жүрген "Голани" бригадасының сарбаздары көрсетілген.
2007 жылдан бері заң шығарушы кеңестің бұл ғимаратында тек ХАМАС қозғалысының мүшелері отырған.
"Суретте лаңкестік ұйымның заң шығарушы кеңесі ғимаратында Израиль туын мақтанышпен желбіретіп тұрған бір топ сарбаз бейнеленген", - деп жазады The Jerusalem Post.
Басылым ақпаратынша, Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галлант Газадағы шайқаста ЦАХАЛ сарбаздарының жетістігі ерекше екенін мәлімдеген.
- Бүгін Газа секторынан 120-дан астам Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері эвакуацияланады
- Нетаньяху Газада атысты тоқтатудың басты шартын атады
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/world/2045648-baq-izrail-armiyasy-gaza-parlamentin-basyp-aldy/