"Геноцид жасады". Түркия Израильдің үстінен Гаага халықаралық сотына шағымданды
Жарияланған күні:
Түркия Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға қарсы Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірді - Анкара оны Газада геноцид жасады деп айыптады, деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Басылым тілшілері Түркиядағы Әділет және даму партиясының адвокаты Метин Кюлюнктің мәлімдемесіне сілтеме жасаған. Нетаньяхуға қарсы арыз Түркияның Әділет министрлігі арқылы берілген. Кюлюнкпен бірге тағы екі адвокат арызға қол қойған.
"Бүгін Түркия республикасы азаматтарының ар-намысының атынан біз Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа ХХІ ғасырдағы Гитлерге — Израиль премьер-министрі Нетаньяхудың үстінен шағым түсірдік, ол Газа секторында болған геноцид пен адамзатқа қарсы барлық қылмысы үшін сотқа тартылуы керек", - деді Метин Кюлюнк.
Сот прокуратурасы шағымының мәтінінде Нетаньяхудың Палестина халқына қарсы қылмыстары туралы дәлелдер жинауды талап етеді, содан кейін премьер-министрге және басқа да кінәлілерге қарсы қылмыстық іс қозғауды сұрайды.
Түрік адвокаттары Израиль үкіметінің басшысы Газа секторында "бүкіл әлем алдында" халықаралық конвенцияларға тыйым салынған қаруды қолданады деп мәлімдеп отыр.
Бұған дейін Израиль армиясы Газа парламентін басып алғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газаны демилитаризациялау - аймақтағы терроризммен күресудің жалғыз жолы екенін мәлімдеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2045763-turkiya-izraildi-genocid-zasady-dep-gaaga-xalyqaralyq-sotyna-sagymdandy/