Израиль армиясы Газадағы ең ірі ауруханаға басып кіретінін мәлімдеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомИзраиль әскері Газадағы ең ірі аурухананы басып алу операциясын бастағанын хабарлады. ЦАХАЛ ресми өкілдерінің мәлімдемесі бойынша соғыс әрекеті бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталмаған.
Израиль әскері Газадағы ең ірі Әл-Шифа ауруханасы аумағында ХАМАС-қа қарсы нақты әрі мақсатты әскери операцияны бастады. ЦАХАЛ Twitter-дегі ресми профилінде соғыс әрекеті бейбіт тұрғындарға қарсы бағытталмағанын еске салды.
"Кейінгі апталарда ХАМАС Әл-Шифа ауруханасын әскери мақсатта пайдалануды жалғастыратын болса, онда оның халықаралық құқық бойынша қорғалған мәртебесіне қауіп төнеді. Бұл туралы бірнеше рет ескертілді және аурухананы заңсыз пайдалануды доғаруға жеткілікті уақыт берілді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЦАХАЛ мәлімдемесіне сәйкес, Израиль әскерінің ішіне осыған ұқсас күрделі әрі ерекше жағдай кезінде көмек көрсету үшін арнайы дайындықтан өткен араб тілді медициналық бригадалар кіреді. Израильдік әскерилердің айтуынша, олардың күші бейбіт тұрғындарға зиян келтірмеуге бағытталған.
The Jerusalem Post басылымы таратқан хабар бойынша, шабуыл сәрсенбіде таңертең басталған.
Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Газа секторындағы Әл-Шифа бұдан былай аурухана ретінде жұмыс істемейтінін мәлімдеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2045780-izrail-armiyasy-gazadagy-en-iri-auruxanaga-basyp-kirgenin-malimdedi/