Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Си Цзиньпинді тағы да "диктатор" деп атады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Джо Байден мен Си Цзиньпин
Джо Байден мен Си Цзиньпин: Brendan Smialowski /AFP via Getty Images

Америка президенті Джо Байден АҚШ-та Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізгеннен кейін оны "диктатор" деп атады. Бұл туралы CNN арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Си Цзиньпинмен кездесу өткізгеннен кейін журналистер Джо Байденнен Қытай басшысын диктатор деп атай беруді жалғастыра ма деген сұрақ қойды.

"Тыңдаңызшы, ол расымен сондай ғой. Ол коммунистік елді басқармай ма, сол мағынада диктатор", – деп жауап берген Байден Қытай үкіметі мен АҚШ үкіметі екі бөлек екенін атап өтті.

Бұл ретте АҚШ президенті екі ел басшыларының арасында жүргізілген келіссөздерді "ең нәтижелі келіссөздердің бірі" деп баға берді.

Кеше Қытай төрағасы Си Цзиньпин Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіне қатысу үшін Сан-Францискоға ұшып барған болатын. Іс-шара аясында ол Джо Байденмен кездесті.

Си Цзиньпинмен кездескен Байден Қытай мен АҚШ арасында келіспеушіліктер барын, бірақ әрқашан диалогты сақтау керектігін атап өтті.

Өз кезегінде Си Цзиньпин "екі тарап үшін де қақтығыс пен конфронтацияның салдары орасан" екенін баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2045997-baiden-si-czinpindi-tagy-da-diktator-dep-atady/