Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері қайтыс болды

Опубликовано:

Тікұшақ
Тікұшақ. Көрнекі фото: Рexels.com

Өзбекстанда оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде әскери тікұшақ апатқа ұшырады. Барлық экипаж қаза тапты, деп хабарлайды республика Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"17 қарашада сағат 20:15-те "Қаттақорған" полигонында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Әуе қорғанысы және әуе күштері қолбасшылығының Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

Апат салдарынан тікұшақ экипажы қаза тапты. Қазір апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", - делінген Өзбекстанның Қорғаныс министрлігінің Telegram желісіндегі хабарламасында.

Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, "Қаттақорған" - әлемдік стандарттарға сәйкес келетін елдегі ең ірі әскери полигон. Ол 2019 жылдың қараша айында Өзбекстанның Орталық әскери округінде ашылды.

"Қаттақорған" аумағы әскери техниканың барлық түрін пайдалана отырып, бір мезгілде оқу-жаттығулар мен практикалық сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Инфрақұрылымға әскери техника мен көліктер паркі, оқу кабинеттері, медициналық пункт, жатын бөлме, асхана, спорттық-жаттығу залы және мәдениет үйі кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2046415-ozbekstanda-askeri-usaq-apatqa-usyrap-ekipaz-museleri-qaitys-boldy/

pixel