Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан Арменияға бейбіт келіссөз өткізуді ұсынды

Опубликовано:

Қол алысқан адамдар
Қол алысқан адамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Әзербайжан тарапы шекарада кездесу өткізіп, Баку мен Ереван арасында бейбіт келісім жасасу үшін келіссөздерді қайта бастауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің Telegram-ында жарияланған хабарламасында екі ел арасындағы бейбіт келіссөздердің іркілуі аймақтағы тұрақтылық пен өркендеуге ықпал етпейтіні айтылған.

"Әзербайжан бейбіт келісімді тезірек аяқтау үшін Армениямен екіжақты негізде тікелей келіссөздерге дайын. Біз екі ел болашақ қарым-қатынастары туралы бірге шешім қабылдауы керек деп санаймыз. Екі ел бейбіт процесті жалғастыруға, соның ішінде өзара қолайлы орынды таңдауға немесе мемлекеттік шекарада кездесу туралы шешім қабылдауға жауапты", - делінген Әзербайжан СІМ хабарламасында.

Арменияға Әзербайжанның бейбітшілік келісімі жобасы бойынша ұсыныстарына жауап беру үшін екі жарым айға жуық уақыт қажет болғаны айтылады. Әзербайжан өз кезегінде армян тарапын жаңа қажетсіз үзілістерге жол бермеуге шақырып, келіссөздер жүргізуге шақыруға келісіммен жауап береді деп үміттенеді.

Таулы Қарабақ дауы

Айта кетейік, Таулы Қарабақ үшін Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс бірнеше рет толыққанды әскери қақтығыс қимылдарына ұласқан. Сол қақтығыстардың кейінгі биыл 19 қыркүйекте болды. Бұл кезде Әзербайжан Таулы Қарабақта "антитеррористік операция" бастағанын мәлімдеген. Бұдан кейін Қарабақтағы армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын хабарлады.

Қарулы қақтығыс Степанакертте басталған. Бейбіт тұрғындар жертөлелерге түсуге мәжбүр болған. 19 қыркүйекте сағат 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданына шабуыл жасаған. Степанакертте әуе дабылы қағылған. 20 қыркүйекте мойындалмаған Таулы-Қарабақ республикасының өкілдері Бакумен атысты тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізгені хабарлады. Мұны Әзербайжан Қорғаныс министрлігі өкілдері де растады. 28 қыркүйекте мойындалмаған Таулы Қарабақтың басшысы Самвел Шахраманян республиканың өмір сүруін тоқтату туралы Жарлыққа 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қол қойғаны белгілі болды. Нәтижесінде Әзербайжан Қарабақты қайтарып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2046955-azerbaizan-armeniyaga-beibit-kelissoz-otkizudi-usyndy/

pixel