Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пашинян министрлер кабинетіндегі отырыста сөз сөйлеу кезінде кенет зал жарығы өшіп қалды (видео)

Опубликовано:

Никол Пашинян
Никол Пашинян. Фото: TASS / Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян үкімет отырысында сөз сөйлеу кезінде кенет үкімет ғимараты залында жарық өшіп қалған. Бұл сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Арменияға сілтеме жасап.

Бүгін, 23 қарашада Армения үкіметі отырысында премьер-министр Никол Пашинян сөз сөйлеу кезінде зал жарығы кенет бірнеше секундқа сөніп қалған. Кейін премьер-министр өзге министрлердің біріне ескерту жасады.

"Міне, айтпағым да осы", – деді Пашинян жарық қайта қосылған кезде аймақтық басқару министрі Гнел Саносянға қарата сөйлеп.

Армения премьер-министрі елдегі электр қуатының сапасыз екенін алға тартты. Оның айтуынша, тіпті үкімет ғимаратында жиі ақаулар болып жатады.

"Біз үнемі электрмен жабдықтау сапасын арттыру керектігін айтып келеміз, бірақ мәселе шешімін таппай жатыр. Он жыл бойы тек бір тапсырманы бере беруге бола ма екен?", – деп сұрады Армения премьер-министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2047359-pasinyan-ministrler-kabinetinde-soz-soileu-kezinde-kenet-zaryq-osip-qaldy-video/

pixel