Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда балалардың йодтан жаппай улануы: жауапты министрліктің үш шенеунігі қамалды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Өзбекстанда йод препаратынан балалардың жаппай улану дерегінен кейін Денсаулық сақтау министрлігінің үш қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Gazeta.uz.

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметінің өкілдері 7 қарашада Яшнабад аудандық сотының шешімімен үш адам қамауға алынғанын хабарлады.

Тергеу изоляторына Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Денсаулық сақтау министрлігінің бас эндокринологы Феруза Хайдарова және осы орталықтың зертхана меңгерушісі, Денсаулық сақтау министрлігінің Бас балалар эндокринологы Насиба Алимова қамалған.

Кейінірек, 16 қарашада Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарды реттеу және қайырымдылық көмекті үйлестіру басқармасының бұрынғы бастығы Хилола Ганиева қамауға алынды.

Басылым мәліметінше, үш дәрігерге қатысты Қылмыстық кодекстің 167-бабының 3-бөлігінің "а" тармағы (аса ірі мөлшерде жымқыру немесе жымқыру арқылы ұрлау), 205-баптың 2-бөлігінің "а" тармағы (аса ірі залал келтіре отырып, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 257-1-баптың 1-бөлігі (санитарлық заңнаманы немесе эпидемиямен күресу ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ бас прокурордың орынбасары күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын сұрағаны айтылады. 20 қыркүйектен бастап барлық мектеп пен балабақшада йодтаудың жаңа бағдарламасы басталған – балаларға йод тапшылығынан қорғау үшін профилактикалық дозада йод таблеткалары беріле бастаған.

Наманган облысында кем дегенде 71 бала ауруханаға жатқызылып, 450 балада ауру байқалғаны туралы ақпарат пайда болғаннан кейін, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі 22 қыркүйектен бастап тергеу аяқталғанға дейін №100 "Антиструмин" отандық препаратын қолдануға тыйым салды.

Басылым препарат шығарылатын Samo зауытында да тексеру жүргізіліп жатқанын жазды.

Еске салайық, қыркүйекте Өзбекстанның Наманган облысында 9 балабақша мен 2 мектептің тәрбиеленушілері белгісіз заттан уланып, ауруханаға түскен. Балалардың йод препараттарынан улану мүмкін екендігі хабарланған.

Йодтау бағдарламасының ұйымдастырушылары - Денсаулық сақтау министрлігі, Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігі, Жастар ісі жөніндегі агенттік, Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық педиатрия медициналық орталығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2047959-ozbekstanda-balalardyn-iodtan-zappai-ulanuy-densauminnin-us-seneunigi-qamaldy/

pixel