Қырғызстанда мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды
Жарияланған күні:
Қырғызстан парламентінде бірінші оқылымда мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы Жогорку Кенештің бүгінгі отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігі.
Дауыс беруге 80 депутат қатысып, 66 депутат қолдап, 8 депутат қарсы шыққан.
Осылайша, парламенттегілер заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Басылым мәліметінше, бұл мәселені референдум өткізу арқылы шешу керегін айтқан депутаттар болған.
Бұған дейін Жогорку кенеш Спикері Нұрлан Шакиев пен депутат Ұлан Примов заң жобасын әзірлеп, онда күн сәулесінің пішінін толқын стилінен түзу сызыққа өзгерту ұсынылған. Олар тудағы "түндік пен күн сәулесін визуалды қабылдауда қандай да бір дилемма бар" деп мәлімдеген. Парламентарийлер бұл суретті адамдар басқаша түсінетінін айтқан: біреулер күнбағысқа ұқсайды десе, біреулер киіз үйдің бүрмесі деген.
Бастаманы ел президенті Садыр Жапаров қолдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2048186-qyrgyzstanda-memlekettik-tudy-ozgertu-turaly-zan-zobasy-birinsi-oqylymda-maquldandy/