Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарты сағат күттіріп қойған": Германия президенті Катарда ыңғайсыз жайтқа тап болды

Опубликовано:

Катар шенеуніктерін күтіп тұрған Франк-Вальтер Штайнмайер
Катар шенеуніктерін күтіп тұрған Франк-Вальтер Штайнмайер. Видеодан кадр: twitter.com/dw_politics

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Катарға ұшып келіп, өзін күтіп алатындарды жарты сағат бойында күтуге мәжбүр болған. Ол ел әмірі Тамим бен Хамад әл Танимен келіссөз жүргізу үшін келген, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Фрэнк-Вальтер Штайнмайер Дохаға келген. Осы кезде трапта құрметті әскери қарауыл жиналған. Тіпті Германияның Катардағы елшісі Лотар Фрайшладер де сол жерде болған. Алайда Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Дохада ресми түрде қарсы алуға бірде-бір катарлық шенеунік қатыспаған.

Кестеден сәл ерте келген Штайнмайер Бундесвердің Airbus A350 ұшағынан шыққан беті күннің астында жарты сағатқа жуық күткен, сосын ғана Катардың сыртқы істер министрі Сұлтан Әл-Мурайхай Германия басшысын қабылдауға келді.

Әл-Мурайхай келгеннен кейін дипломатиялық рәсімнің кешігуіне қарамастан, Штайнмайер Катардың билеуші әмірі шейх Тамим бен Хамад әл Танимен жоспарланған кездесу үшін әуежайдан уақытында шыққаны айтылады.

Тараптар Израиль мен ХАМАС арасындағы қазіргі бітімгершілік кезінде кепілге алынған адамдарды босату жөніндегі мәселелерді талқылаған. Катар шейхі ХАМАС пен Израиль арасындағы маңызды делдал екенін атап өткен жөн.

Катар да, Штайнмайер де, неміс шенеуніктері де әуежайдағы ерекше дипломатиялық кідіріс туралы әзірше түсініктеме бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2048565-zarty-sagat-kuttirip-qoigan-germaniya-prezidenti-katarda-yngaisyz-zaitqa-tap-boldy-video/

pixel