jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Путинді басып озды": танымал америкалық әнші "Жыл адамы" атанды

Тейлор Свифт
Тейлор Свифт. Фото: Photo by Buda Mendes/TAS23/Getty Images

Америкалық Time басылымының нұсқасы бойынша әйгілі әнші Тейлор Свифт "Жыл адамы" атанды. Әнші бұл рейтингте Қытай және Ресей президенттерін басып озды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Time басылымының жазуынша, Тейлордың әртіс ретінде мәдени және коммерциялық бағыттағы жетістіктері өте көп. Оны айтып, тауысу мүмкін емес.

"Ол поп-жұлдыз ретінде ол Элвис Пресли, Майкл Джексон және Мадонна сынды тұлғалармен деңгейлес. Ән авторы ретінде оны Боб Дилан, Пол Маккартни және Джони Митчеллмен салыстырады. Бизнесвумен ретінде ол құны 1 миллиард долларға бағаланатын империя құрды", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Тейлор Свифттің капиталы 1 миллиард 125 миллион долларға бағаланып отыр (520 миллиард теңгеден астам – ред.). Ол байлығын тек музыка арқылы еселеген алғашқы әнші.

Сонымен қатар Forbes Тейлорды әлемдегі ең беделді әйелдер рейтингіне қосқан еді.

Ал биылғы қарашада Тейлор беделді "Грэмми - 2024" музыка премиясының алты номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

"Путинді басып озды": танымал америкалық әнші "Жыл адамы" атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.