Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жай ғана командаммен әзілдескен едім": тікелей эфир кезінде BBC тележүргізушісінің басы дауға қалды (видео)

Опубликовано:

Марьям Мошири
Марьям Мошири. Видеодан кадр: twitter.com/BBCMaryam

Желіде ыңғайсыз жағдайға тап болған тележүргізушінің британдық телеэфир үзіндісі тарады. X әлеуметтік желісінде жарияланған видеодан тележүргізуші тікелей эфир басталған кезде ортаңғы саусағын камераға көрсетіп қалғанын байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

BBC арнасында тележүргізуші Марьям Мошири тікелей эфир кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бағдарламадан үзінді бірден ағылшын тілді сегменттегі желіде тарап кеткен.

Видеодан тікелей эфир басталған кезде тележүргізушінің бір сәтке әдепсіз қимыл жасағанын көруге болады, бірақ ол тез арада қалпына келіп, телекөрермендермен: "Лондоннан тікелей эфир, бұл BBC жаңалықтары", — деп амандасты.

Көп ұзамай тележүргізуші желіде тараған видеоға қатысты пікір қалдырып, көрермендерден кешірім сұрап, мән-жайды түсіндірді.

"Болған оқиға үшін кешірім өтінемін. Мен жай ғана командаммен әзілдесіп, кері санағандай кейіп таныттым, бірақ сол уақытта режиссер 10-нан 0-ге дейін санаған және маған өзінің санап жатқанын саусақтарымен көрсетіп тұрған.

Біз 1-ге дейін жеткен кезде мен қалжыңдап саусағымды жоғары көтердім, ол камераға түсіп қалады деп ойлаған жоқпын. Бұл команданың әзілі болған еді және оның эфирге шыққанына өкінемін!

Менде ешқандай жаман ниетім болмаған, егер біреуді ренжітсем не көңілін түсірсем, кешірім өтінемін. Бұл тек достарыма арналған ақымақ әзіл еді", — деп жазды ол видео жарияланған жазбаның сипаттамасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2049747-zai-gana-komandammen-azildesken-edim-tikelei-efir-kezinde-bbc-telezurgizusisinin-basy-dauga-qaldy-video/

pixel