Данияда Құранды өртеуге заңмен тыйым салынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомДания парламенті қасиетті мәтіндерді қорлауға тыйым салатын заңды мақұлдады. Бұл тыйым Құранды өртеу акцияларына да қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Дания Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әділет министрлігі мәлімдемесінде жаңа заң жобасы Құранды өртеумен байланысты көптеген акция үшін Данияны ықтимал лаңкестік қауіптерден қорғау мақсатында қабылданғаны айтылған.
"Заң жобасында дін маңызды саналып, мойындалған діни ортаға жөнсіз қарым-қатынас жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген Дания ведомствосының мәлімдемесінде.
Бұл тыйым "киелі жазбалардың шағын бөлігі" қамтылған өнер нысандарына қолданылмайды.
Айта кетейік, заң жобасы 2023 жылдың тамызында қоғамдық талқылауға ұсынылған еді. Бірқатар түзетуден кейін 7 желтоқсанда қабылданды. Заңңың қабылдануын қолдап Дания парламентінің 94 депутаты дауыс берсе, 77 депутат қарсы дауыс берген.
Сонымен қатар мәлімдемеде келтірілген ақпаратқа сәйкес, тек 2023 жылдың өзінде корольдікте діни сипаттағы тулар мен кітаптарды өртеу бойынша 500-ден астам акция болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2049772-daniyada-qurandy-orteuge-tyiym-salyndy/