jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Данияда Құранды өртеуге заңмен тыйым салынды

Құран кітабы
Құран кітабы. Көрнекі фото: pixabay.com

Дания парламенті қасиетті мәтіндерді қорлауға тыйым салатын заңды мақұлдады. Бұл тыйым Құранды өртеу акцияларына да қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Дания Әділет министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әділет министрлігі мәлімдемесінде жаңа заң жобасы Құранды өртеумен байланысты көптеген акция үшін Данияны ықтимал лаңкестік қауіптерден қорғау мақсатында қабылданғаны айтылған.

"Заң жобасында дін маңызды саналып, мойындалған діни ортаға жөнсіз қарым-қатынас жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - делінген Дания ведомствосының мәлімдемесінде.

Бұл тыйым "киелі жазбалардың шағын бөлігі" қамтылған өнер нысандарына қолданылмайды.

Айта кетейік, заң жобасы 2023 жылдың тамызында қоғамдық талқылауға ұсынылған еді. Бірқатар түзетуден кейін 7 желтоқсанда қабылданды. Заңңың қабылдануын қолдап Дания парламентінің 94 депутаты дауыс берсе, 77 депутат қарсы дауыс берген.

Сонымен қатар мәлімдемеде келтірілген ақпаратқа сәйкес, тек 2023 жылдың өзінде корольдікте діни сипаттағы тулар мен кітаптарды өртеу бойынша 500-ден астам акция болған.

Данияда Құранды өртеуге заңмен тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.