Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-тың Теннеси штатында жойқын торнадо алты адамның өмірін жалмады (фото)

Опубликовано:

Торнадодан қираған үйлер мен машина
Торнадодан қираған үйлер мен машина. Фото: Twitter/Nashville EOC/OEM

АҚШ-та сенбіде Теннесси штатының кейбір аудандарына жойқын торнадо соққаннан кейін кем дегенде алты адам қаза тапты. Монтгомери округі мен Нэшвилл қаласының тұрғындары зардап шекті.

Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің айтуынша, Нэшвиллдің солтүстігіндегі Теннесси штатының Мэдисон қаласында үш адам қаза болған.

"Біздің команда зиянды бағалайды және зардап шеккендерді іздейді. Өкінішке қарай, біз ауа райының қолайсыздығынан үш адамның қаза болғанын растай аламыз", - деп хабарлады Нэшвилл ТЖ орталығының Twitter-дегі аккаунты.

CNN хабарына сенсек, Монтгомери округінің билігі үш адам опат болғанын, оның ішінде бала бар. Монтгомери округінің үкіметі мәлімдемесінде: "Біз бүгін түстен кейін болған торнадо үш адамның өлгенін растай аламыз: екі ересек және бір бала", - делінген.

Сонымен қатар Кларксвиллдің 23 тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Жергілікті билік іздеу-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.

"Бұл біздің қоғам үшін қайғылы күн. Біз зардап шеккендер, жақындарынан айырылғандар және үйінен айырылғандар үшін дұға етеміз", - деді Монтгомери округінің мэрі Уэс Голден өз мәлімдемесінде.

Кларксвилл қаласының әкімшілігі Facebook-те жариялаған хабарына қарағанда, қала мэрі Джо Питтс төтенше жағдай жариялаған. Сенбі мен жексенбіде жергілікті уақыт бойынша 21.00-ден бастап жұмыс істейтін коменданттық сағат енгізілген.

Теннеси штатының полиция департаменті өзінің Facebook-аккаунтында азаматтарға ескерту жасап, жолдардан аулақ болуға шақырды. Монтгомери округінің бірнеше үйі қираған, деп хабарлады ABC News.

Торнадодан Дрезден ауылдық қалашығында торнадо бірнеше үй мен электр желілері қирап, ағаштар құлаған. Теннеси штатының мыңдаған тұрғыны торнадодан кейін электр қуатынсыз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2050110-aqs-tyn-tennisi-statynda-zoiqyn-tornado-alty-adamnyn-omirin-zalmady-foto/

pixel