Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден: ХАМАС толық жойылмайынша, АҚШ Израильге қару-жарақ жеткізе береді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Джо Байден
Джо Байден. Фото: Pool/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден еврей мемлекетіне палестиналық ХАМАС радикал қозғалысын толық жоймайынша, Израильге қару-жарақ тасымалдауды жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Олар (Израиль - ред.ескертпесі) ХАМАС-ты жойғанша, біз әскери қолдау көрсетуді жалғастырамыз, бірақ біз өте сақ болуымыз керек", – деді Байден Ақ үйде еврейлердің Ханука мерекесіне арналған қабылдауында.

Оның айтуынша, Израиль жүргізіп жатқан әскери операцияларға байланысты әлем қауымдастығының жағдайға көзқарасы өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

"Біз бұған жол бере алмаймыз", – деді америкалық президент.

Джо Байден АҚШ Газа секторына гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыратынын баса айтты.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Байден конгрестен 105 миллиард доллар сұрағанын жазған едік. Бұл сомаға Украина мен Израильге жіберілетін көмек кіреді.

Кейін АҚШ сенаты ортақ мәмілеге келе алмай, Украина, Израиль және Тайваньға қосымша көмек көрсету туралы заң жобасы қабылданбағаны белгілі болды.

Сондай-ақ АҚШ президенті Джо Байден Израиль Газа секторындағы әскери операцияларын қашан тоқтатуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2050410-baiden-xamas-tolyq-zoiylmaiynsa-aqs-izrailge-qaru-zaraq-zetkize-beredi/