Қытайдағы жойқын зілзала: қаза тапқандар саны артты
Жарияланған күні:
Қытайда елдің солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 118-ге артты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі The Telegraph басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым хабарына қарағанда, жер сілкінісі салдарынан тағы 500 адам түрлі жарақат алған. Гансу провинциясы ең көп зардап шеккені айтылады, қаза тапқандардың басым бөлігі осы өңірде.
Жергілікті билік 4700-ден астам үй қирап қалғанын хабарлады. Табиғи апат салдарынан хабар-ошарсыз кеткендердің саны әлі белгісіз. Апат аймағына 2200-ге жуық құтқарушы аттанған. Құтқару жұмыстарына әскерилер мен полицейлер де қосылды.
ҚХР төрағасы Си Цзинпин зардап шеккендерді іздеуді және оларға көмек көрсетуді, сондай-ақ тірі қалғандар мен олардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырған.
Бұған дейін Қытайда магнитудасы 6 болатын жер сілкінісі тіркелгені хабарланған еді. Салдарынан Гансу мен Цинхай провинцияларында қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабар тараған. Зілзала ошағы Ланьчжоудан оңтүстік-батысқа қарай 102 километрде орналасқан. Тереңдігі - 35 километр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2050942-qytaidagy-zoiqyn-zilzala-qaza-tapqandar-sany-artty/