Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: АҚШ-та автокөлік үлкен жылдамдықпен келе жатып Байденнің кортежіне соғылды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
АҚШ президенті Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден. Фото: Yuri Gripas/Abaca/Getty Images

АҚШ-та автокөлік үлкен жылдамдықпен келе жатып президент Джо Байденнің кортежіндегі көліктердің біріне соғылған. Ол кезде Байден әйелімен бірге демократтардың сайлауалды штабынан шығып бара жатқан еді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ президентінің баспасөз пулы ақпараты бойынша, Джо Байден әйелі Джилл Байденмен сайлауалды штабынан шығып бара жатқан кезде белгісіз автокөлік президент кортежінің жол талғамайтын көліктерінің біріне соғылған. Аталған жайт Делавэр штатында орналасқан Уилмингтон қаласында болды.

Журналистердің ақпараты бойынша, Байденнің кортежіне күміс түсті Sedan маркалы жеңіл көлік соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол сайлауалды штабының кіреберісіне қарама-қарсы қиылыста кортежді қорғап, жауып тұрған көлікке соғылған.

"Қатты соқтығыстың дыбысы естілді, бұл ретте АҚШ президенті көліктің жанында аң-таң болып тұрды", – дейді журналистер.

АҚШ Құпия қызметінің агенттері апатқа кінәлі болуы мүмкін көлікті қоршап алып, күдіктіні ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2051315-avtokolik-ulken-zyldamdyqpen-baidennin-kortezine-sogyldy-video/