Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жойқын жер сілкінісінен 111 адам қайтыс болды (видео)

Жарияланған күні:

Қытайда жер сілкінді
Қытайда жер сілкінді. Фото: twitter.com/PDChina

Қытайда магнитудасы 6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан Ганьсу мен Цинхай провинцияларында қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ақпаратынша, магнитудасы 6-ға тең жер сілкінісі тіркелген. Зілзала ошағы Ланьчжоудан оңтүстік-батысқа қарай 102 километрде орналасқан. Тереңдігі - 35 километр.

ТАСС мәліметінше, Қытайдың Орталық телеарнасы зілзаладан 111 адам (Ганьсуда 100, Цинхайда 11 адам) қаза тапқанын хабарлаған.

People's Daily, China басылымының мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,2 болған. Қаза тапқандар саны - 111.

РИА Новости Қытайдың Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісіне қарсы әрекет етудің екінші деңгейлі күшейтілген режимін енгізгенін хабарлады. ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі болған аймақта 1440 өрт сөндіруші мен құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Британ энциклопедиясына сәйкес, Ганьсу провинциясы Қытайдың солтүстік-орталық және солтүстік-батыс бөліктерінде орналасқан. Солтүстікте Моңғолиямен шектеседі. Цинхай провинциясы елдің солтүстік-батысында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2051377-qytaida-zer-silkinip-111-adam-qaza-tapty-video/