Прагадағы атыс: чех билігі оқиғаны теракт деп танымайтынын мәлімдеді
Жарияланған күні:
Чех билігі 21 желтоқсанда Прагадағы Карлов университеті ғимаратында болған атысты халықаралық терроризм деп танымайтынын мәлімдеді.
Reflex.cz басылымының мәліметінше, ел премьер-министрі Петр Фиала кешегі шабуыл теракт немесе ұйымдасқан қылмыстық әрекет деп танылмайтынын мәлімдеген.
"Қазіргі уақытта бұл жалғыз адамның әрекетіне ұқсайды, ол қаза болды. Сондықтан бұл халықаралық терроризм немесе ұйымдасқан топ емес", - деді ол.
Фиала қауіпсіздік күштері жағдайды бақылауда ұстайтынын және ел азаматтарына енді қауіп жоқ екенін айтты.
РИА Новости мәліметінше, Чехия ІІМ басшысы Вита Ракушан Прагадағы атыс пен халықаралық терроризм арасындағы байланыстың дәлелі жоқ екенін хабарлаған.
"Қазіргі уақытта бұл оқиғаның халықаралық терроризммен байланысы бар екені туралы ешқандай дәлел жоқ", - деді Ракушан.
Айта кетейік, 21 желтоқсанда Прагадағы Карлов университеті территориясында болған атыстан 15 адам қаза тапты. Кейін шыққан мәлімет бойынша, атқыш – Карлов университетінің студенті болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2052031-pragadagy-atys-cex-biligi-oqigany-terakt-dep-tanymaitynyn-malimdedi/