jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Прага орталығында атыс болды: студент 15 адамды атып өлтірді

Прагада атыс болған университет маңы
Прагада атыс болған университет маңы. Фото: twitter.com/PolicieCZ

Прагадағы Карлов университеті территориясында болған атыстан 15 адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі чех полициясының Х-тегі хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция 15 адам қаза болғанын және ондаған адам зардап шеккенін растады. Оқиға 21 қарашада Карлов университетінің территориясында болған. Оқиғаның видеолары мен суреттері тарап жатыр.

Прага полициясы атқыштың көзін жойғанын мәлімдеді. Ал сәл кейінірек атқыш өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Бұл туралы Прага мэрі хабарлады.

"Қазіргі уақытта біз 15-тен астам адамның қайтыс болғанын және ондаған адамның жарақат алғанын растай аламыз. Қазіргі уақытта бізде қылмыскердің қандай да бір террористік ұйыммен байланысы туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, полиция кейбір студенттер атыс кезінде оқу орнының аудиторияларында жасырынғанын айтты.

Кейін шыққан мәлімет бойынша, атқыш – Карлов университетінің студенті болған.

Чех әлеуметтік желілерінде атқыш делінген ер адамның суреті де жарияланып жатыр. Ол 24 жастағы студент Давид Козак болып шыққан. Ол 21 желтоқсанда таңғы уақытта тағы бір адамды өлтіргені белгілі болды.

Прага орталығында атыс болды: студент 15 адамды атып өлтірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.