Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Слово пацана" сериалының актері ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

"Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалының кадры
"Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалының кадры. Фото: NUR.KZ скриншоты

Ресейде актер Сергей Базанов қамауға алынды, ол "Слово пацана. Кровь на асфальте" сериалында эпизодтық рольде ойнаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Мәскеу сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мәскеу қаласының Замоскворецкий аудандық соты 2011 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысына күдікті Сергей Юрьевич Базановқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - делінген хабарламада.

Сотта актерге РФ Қылмыстық кодекстің 105-бабының 2-бөлігінің "ж" және "з" тармақтары бойынша айып тағылғаны (адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ қаскөйлік ниетпен жасаған кісі өлтіру) айтылды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Сот бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 20 ақпанына дейін екі ай қамауда ұстау түрінде белгіледі", - деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу мәліметтері бойынша, Базанов Ресей астанасында қарақшылық шабуылдар жасау үшін құрылған қылмыстық топтың құрамында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2052618-slovo-pacana-serialynyn-akteri-auyr-qylmys-zasady-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel