"30-дан асады": Ресей Орталық сайлау комиссиясы қанша адам президенттікке өз кандидатурасын ұсынғанын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазіргі уақытта Ресей президенттігіне барлығы 33 адам кандидатурасын ұсынған. Бұл туралы Ресей Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Булаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Ресей ОСК-ның мәліметінше, 30-дан аса адам елдегі президенттік сайлауға түсуге ниет білдірген.
"33 адам қатысуға өтініш білдірді", - деді Ресей Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Булаев.
Еске сала кетейік, Ресейде президент сайлауы 2024 жылғы 15 наурызда басталып, 17 наурызға дейін болады.
Бұған дейін Ресей Федерациясының қазіргі президенті Владимир Путин өзінің кандидатурасын ұсынатынын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2052738-resei-ortalyq-sailau-komissiyasy-prezidenttikke-30-dan-asa-adam-oz-kandidaturasyn-usynganyn-malimdedi/