jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ресей мен Әзербайжанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Дауыс беру
Дауыс беру. Көрнекі фото: Martin Bertrand/EyeEm/Getty Images

Ресейде президент сайлауы 2024 жылғы 17 наурызда, ал Әзербайжанда 2024 жылдың 7 ақпанында өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 17 наурызда Ресейде президент сайлауы өтеді. Тиісті мерзімді Федерация Кеңесі белгіледі. Бұл туралы қаулы бүгінгі өткен отырыста қабылданған.

"Ресей Федерациясы президентінің сайлауы 2024 жылғы 17 наурызға белгіленсін. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.

Федерация Кеңесі конституциялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Полетаев сайлау науқаны қаулы күшіне енген сәттен басталатынын айтты.

РИА Новости мәліметінше, Илхам Әлиев Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлауды 2024 жылдың 7 ақпанына бекіткен.

Басылымның мәліметінше, Әзербайжанда президент сайлауы 2025 жылы өтуі керек еді. Алайда бүгін ел президенті жарлыққа қол қойып, оған сәйкес, кезектен тыс президенттік сайлау 2024 жылдың 7 ақпанына белгіленген.

Ресей мен Әзербайжанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.