Ким Чен Ын ел әскеріне соғысқа дайындалуды тапсырды
Жарияланған күні:
Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Корей түбегіндегі әскери жағдай шарықтау шегіне жеткенін айтып, армия соғысқа дайындықты тездетуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кореяның Орталық телеграф агенттігінің хабарына қарағанда, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 2024 жылға арналған жоспарлар бойынша бірқатар тапсырма берген.
Атап айтқанда, ол соғысқа дайындықты жеделдету үшін халықтық армияға, әскери өнеркәсіпке, ядролық қару-жарақ секторына және азаматтық қорғанысқа жауынгерлік міндеттер қойған.
"Корей түбегіндегі ауыр саяси және әскери жағдайды терең талдау оның АҚШ-тың бұрын-соңды болмаған әрекеттері мен олардың КХДР-ға қарсы вассалдық күштерінің кесірінен шарықтау шегіне жеткенін көрсетті", - делінген хабарламада.
Ким Чен Ын Кореяның Еңбек партиясы "антиимпериалистік тәуелсіз елдермен стратегиялық ынтымақтастық қатынастарын" кеңейтіп, дамытатынын да мәлімдеді.
Еске салайық, биылғы көктемде АҚШ президенті Джо Байден КХДР-ның штаттарға немесе олардың одақтастарына ядролық шабуыл жасауының салдары ауыр болатынын ескерткен. Тамызда Ким Чен Ын КХДР армиясын шабуылға дайындағанын мәлімдеді. Қыркүйек айының басында Солтүстік Корея ядролық қаруы бар жаңа сүңгуір қайықты іске қосқан.
Қыркүйектің басында Солтүстік Корея ядролық қаруы бар жаңа сүңгуір қайықты іске қосты. Сол айда Солтүстік Корея басшысы Ресейге ел президенті Владимир Путинмен кездесуге келген еді. Елдердің басшылары тактикалық және стратегиялық ынтымақтастықты, Корей түбегіндегі жағдайды және ЕО-дағы жағдайды талқылаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053102-kim-cen-yn-el-askerine-sogysqa-daiyndaludy-tapsyrdy/