jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Ким Чен Ын ел әскеріне соғысқа дайындалуды тапсырды

Юнсан арнасында Ким Чен Ын және оның қызын (сол жақта екінші, бірінші қатарда) көрсеткен сәт
Юнсан арнасында Ким Чен Ын және оның қызын (сол жақта екінші, бірінші қатарда) көрсеткен сәт: KIM Jae-Hwan/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Корей түбегіндегі әскери жағдай шарықтау шегіне жеткенін айтып, армия соғысқа дайындықты тездетуі керек деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Кореяның Орталық телеграф агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кореяның Орталық телеграф агенттігінің хабарына қарағанда, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын 2024 жылға арналған жоспарлар бойынша бірқатар тапсырма берген.

Атап айтқанда, ол соғысқа дайындықты жеделдету үшін халықтық армияға, әскери өнеркәсіпке, ядролық қару-жарақ секторына және азаматтық қорғанысқа жауынгерлік міндеттер қойған.

"Корей түбегіндегі ауыр саяси және әскери жағдайды терең талдау оның АҚШ-тың бұрын-соңды болмаған әрекеттері мен олардың КХДР-ға қарсы вассалдық күштерінің кесірінен шарықтау шегіне жеткенін көрсетті", - делінген хабарламада.

Ким Чен Ын Кореяның Еңбек партиясы "антиимпериалистік тәуелсіз елдермен стратегиялық ынтымақтастық қатынастарын" кеңейтіп, дамытатынын да мәлімдеді.

Еске салайық, биылғы көктемде АҚШ президенті Джо Байден КХДР-ның штаттарға немесе олардың одақтастарына ядролық шабуыл жасауының салдары ауыр болатынын ескерткен. Тамызда Ким Чен Ын КХДР армиясын шабуылға дайындағанын мәлімдеді. Қыркүйек айының басында Солтүстік Корея ядролық қаруы бар жаңа сүңгуір қайықты іске қосқан.

Қыркүйектің басында Солтүстік Корея ядролық қаруы бар жаңа сүңгуір қайықты іске қосты. Сол айда Солтүстік Корея басшысы Ресейге ел президенті Владимир Путинмен кездесуге келген еді. Елдердің басшылары тактикалық және стратегиялық ынтымақтастықты, Корей түбегіндегі жағдайды және ЕО-дағы жағдайды талқылаған.

Ким Чен Ын ел әскеріне соғысқа дайындалуды тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.