Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз президентінің ерекше құттықтауы Желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жаңа жылмен құттықтау сәті
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жаңа жылмен құттықтау сәті: 24KG

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қырғызстандықтарды жаңа 2024 жылмен ерекше құттықтады. Құттықтау видеосы қырғыз БАҚ-тарында жарияланды.

Жапаров құттықтауын шаңғы тепкеннен кейін айтқан. Видеоға қатысты пікір жазған қырғызстандықтар қақ жарылды. Бірі президенттің ерекше құттықтауын құп көріп, мақтаса, мемлекет басшысын дәстүрлі түрде костюм киіп құттықтағаны жөн болар деп пікір жазған.

Айта кетейік, бұған дейінгі құттықтауларында Жапаров ресми стильдегі киіммен және дәстүрлі форматта айтатын.

Құттықтау сөзінде ол елдегі бірқатар мәселені көтерді.

"Өздеріңіз байқағандай, халық құрылтайы кезінде ауызсу мен суармалы суға қатысты мәселелер бірнеше рет көтерілген. Сондықтан келесі жылы біз суару құрылыстарын жөндеуге және ауылдарды ауыз сумен жабдықтау жүйесін салуға назар аударамыз", - деп уәде берді қырғыз лидері.

Ол сондай-ақ жаңа жылдан бастап шағын және орта бизнесті дамыту мен экспорттық әлеуетті қолдау жөніндегі қызмет жалғасатынын атап өтті.

Қырғыз президенті 2024 жылдың 1 қазанынан бастап зейнетақының сақтандыру бөлігі ұлғаяды, білім беру және денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы жұмыс күшейтіледі, ал Бішкекке арналған кептелістер мәселесін шешу үшін жолаушылар автобустары көбірек сатып алынады деп уәде берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053518-qyrgyz-prezidentinin-erekse-quttyqtauy-zelide-qyzu-talqyga-tusti/

pixel