Жапониядағы жер сілкінісі: 200-ге жуық адамның тағдыры белгісіз
Жарияланған күні:
Жапонияда орын алған жер сілкінісі құрбандарының саны 80-ге жақындап қалды. Тағы 180-ге жуық адамның тағдыры белгісіз, деп хабарлайды "РИА Новости" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
1 қаңтарда Жапонияда орын алған жер сілкінісінен кейін тағдыры белгісіз болып отырған адамдардың саны 179-ке жетті. Бұл туралы жапониялық БАҚ-қа сілтеме жасаған ресейлік басылым хабарлайды.
Белгілі болғандай, байланыс орната алмай жатқандардың тізімінде кәмелетке толмаған үш жасөспірім бар.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Еске салайық, 1 қаңтарда Жапонияда бірқатар ірі жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған. Бірден магнитудасы 5,7 және 7,4 болатын екі жер сілкінісі болды.
Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида баспасөз мәслихатында Исикава префектурасындағы бірқатар күшті жер сілкінісінен 78 адам қайтыс болғаны растаған. Сондай-ақ 29 адам ауыр жарақаттанып, тағы 231 адам жеңіл жарақат алған.
Бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға елдің батысындағы Ното түбегіндегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адам қазасына байланысты көңіл айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2053984-zaponiyadagy-zer-silkinisi-200-ge-zuyq-adamnyn-tagdyry-belgisiz/