Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Еліңізде орын алған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын.

Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, Жапонияда дүйсенбі, 1 қаңтарда 5,7 және 7,6 балдық екі жер сілкінісі болды. Салдарынан ғимараттар қирап, мыңдаған адам жарықсыз қалды. Елде цунами қаупі жарияланды. Осака, Киото және Токиода зілзала қатты сезілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2053794-toqaev-zaponiya-premer-ministrine-konil-aitu-zedelxatyn-zoldady/

pixel