БАҚ: "Қыс болмайды" деген мем авторы Қырғызстан колониясында өлі табылды
Жарияланған күні:
Қырғызстанда діни араздық туғызды деген айыппен ұсталған Арыстан Алай (шын есімі Арыстан Әбділдаев) абақтыда өлі табылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
24.kg мәліметінше, Әбділдаевтың денесі 5 қаңтарда №21 колониясындағы камерада табылған. Күдіктінің өлімін адвокаты Қайсын Абакиров естіртті. Ол қамауға алынған кезде қылмыстық-процестік кодекс нормалары бұзылғанын мәлімдеді.
Құқыққорғаушының айтуынша, ол Әбділдаев қашан және неге колонияға ауыстырылғанын білмейді. Сондай-ақ адвокат өз қорғауындағы азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірнеше рет өтінгенін айтады.
Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсанында Арстанбек Әбділдаевты Қырғызстанның МҰҚК қызметкерлері ұстағаны белгілі болған. Оған Қылмыстық кодекстің 330-бабы (Діни араздықты (алауыздықты) қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Әбділдаевты ұстауға оның әлеуметтік желілерде, кітаптар мен брошюраларда діни және дінаралық араздықты қоздыруға үндеулері жарияланғаны негіз болды деген себеп айтылған.
Әбділдаев сөйлеген сөзінің үзіндісі желіде пайда болған кезде танымал болды - "Қыс болмайды" деген сөз мемге айналды. Видео интернетте вирустық сипатқа ие болып, сол кездегі танымал күлкілі видеоларға шолу жасайтындар жаппай таратқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2054103-baq-qys-bolmaidy-degen-mem-avtory-qyrgyzstan-koloniyasynda-oli-tabyldy/