jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Өзін "Жаңа Құдай" санайды": Қырғызстанда "Қыс болмайды" деп ұрандатқан белсенді ұсталды

Арыстанбек Әбділдаев
Арыстанбек Әбділдаев. Фото: 24.kg

Қырғызстанда мемге айналған "Қыс болмайды" деген сөз тіркесінің авторы, белсенді Арстанбек Абділдаев діни араздықты қоздырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, Арстанбек Абділдаев деген атпен белгілі Арстан Алайды ведомство қызметкерлері ұстаған. Оған қатысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 330-бабы "Діни араздықты (алауыздықты) қоздыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құзырлы орган Әбділдаевтың әлеуметтік желілерде кітаптар мен брошюраларда діни және дінаралық араздықты қоздыруға үндеу жариялағанын, сондай-ақ азаматтардың жеке басын діни негізде пайдаланғанын мәлім етті.

"Ол өзін "Жаңа Құдай", "Құтқарушы" санайды және басқа дінді, сенім мен көзқарасты төмен, адасушылық деп санап, оларға теріс баға береді", - деді Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері.

Басылым мәліметінше, Арстан Алайдың үйінен көптеген әдебиет, компьютер және басқа да электронды ақпарат құралы тәркіленген.

Қазір ер адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына қамалды.

Осыған дейін Арстан Алай кейінгі екі күнде хабар-ошарсыз кетті деген ақпарат шыққан еді. Туыстары оның 13 желтоқсанда үйінен шығып кеткенін және оралмағанын хабарлады.

"Өзін "Жаңа Құдай" санайды": Қырғызстанда "Қыс болмайды" деп ұрандатқан белсенді ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.