АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі хуситтерге шабуылдай бастады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАҚШ пен Ұлыбританияның ұшақтары мен әскери кемелері жұмаға қараған түні Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына шабуылдай бастады. Олар кейінгі уақытта Иран мемлекетінің қолдауымен Қызыл теңіздегі коммерциялық кемелерге соққы бере бастаған еді.
Таяу Шығыстағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, порт қаласы Ходейда мен Йемен астанасы Сананың халықаралық әуежайындағы нысандарға шабуыл басталған.
АҚШ президенті Джо Байден мен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак бір уақытта соққыға байланысты мәлімдеме жасады.
Байден бұл соққылардың Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне хуситтердің шабуылдарына жауап екенін және АҚШ пен оның одақтастары қажет болған жағдайда тағы да шабуыл жасаудан тартынбайтынын айтты.
BBC тілшісінің хабарлауынша, хуситтерге қарсы шабуылға қатысқан британдық төрт Typhoon ұшағы Кипрдегі базадан көтерілген.
CNN журналисінің АҚШ үкіметінің анонимді өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, шабуыл Tomahawk. қанатты зымырандары арқылы жасалған.
CNN ақпаратынша, соққылар оннан астам нысанаға бағытталған. Бұл - радарлар, дрондар мен баллистикалық және қанатты зымырандарға арналған қоймалар, сондай-ақ ұшыру алаңдары.
АҚШ президентінің әкімшілігі Конгреске алдағы шабуылдар туралы хабар берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2055141-aqs-pen-ulybritaniya-iemendegi-xusitterge-sabuyldai-bastady/