jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Аралдарға иелік ету дауы әлі басылмаған: Жапония Путиннің Курил аралдарына барамын деген сөзіне реакция танытты

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: t.me/news_kremlin

Ресей президенті Владимир Путин алдағы уақытта Курил аралдарына баратынын мәлімдеді. Бұл сөзіне Жапон үкіметіндегілер жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей президенті Владимир Путиннен Қиыр Шығыстағы кәсіпкерлермен кездесуінде Курил аралдарында туризм қалай дамитыны сұралған. Бұған жауап ретінде Ресей федерациясының басшысы алдағы уақытта осы өңірге баруға уәде берді.

"Ол жақта қызық дейді. Өкінішке қарай, барып көрмеппін, міндетті түрде барамын", - деп жауап берді Путин.

Оның бұл мәлімдемесіне Жапония үкіметіндегілер реакция танытты. Елдің сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси жағдайды мұқият бақылайтынын мәлімдеді.

"Біз президент Путин 11 қаңтарда Хабаровскіге сапары барысында Курил аралдары деп аталып жүрген өңірге міндетті түрде баратынын мәлімдегенін білеміз. Біз Ресей үкіметі өкілдерінің мәлімдемелеріне түсініктеме бере алмаймыз. Үкімет жағдайды мұқият қадағалап, соған сәйкес әрекет етуді жалғастырады", - деді Хаяси.

Есимаса Хаяси Жапония Ресейге қатысты санкция саясатын және Украинаға көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Басылымның жазуына қарағанда, Курил аралдары Ресейдің Сахалин облысы құрамына кіреді, бірақ Жапония ұзақ уақыт бойы бұл территорияларды даулап отыр. Жапондар бұл территорияны Кунашир, Итурупа, Шикотана және Хабомай деп атайды.

Британ энциклопедиясының сайтында 1875 жылы қос ел қол қойған Санкт-Петербург келісіміне сәйкес, Ресей Сахалин аралын даусыз бақылау үшін Курил аралдарына иелік ету құқығын Жапонияға бергені жазылған.

1945 жылы Ялта келісімдері аясында аралдар Кеңес одағына берілген, жапон халқы кетіп, бұл аумаққа кеңес халқы келген. Токио осы күнге дейін аралдарға тарихи құқығын талап етіп, Кеңес одағын және 1991 жылдан бастап Ресейді бұл территорияларды қайтаруға бірнеше рет көндіруге тырысқан.

Айта кетейік, 2022 жылдың сәуірінде Жапония 19 жылда алғаш рет оңтүстік Курилдерді "заңсыз басып алынған" аумақтар деп атады.

Аралдарға иелік ету дауы әлі басылмаған: Жапония Путиннің Курил аралдарына барамын деген сөзіне реакция танытты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.